3

«وَجَّهْتُ وَجْهِيَ لِلَّذِي فَطَرَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ حَنِيفًا، وَمَا أَنَا مِنَ الْمُشْرِكِينَ، إِنَّ صَلَاتِي، وَنُسُكِي، وَمَحْيَايَ، وَمَمَاتِي لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ، لَا شَرِيكَ لَهُ، وَبِذَلِكَ أُمِرْتُ وَأَنَا مِنَ الْمُسْلِمِينَ، اللهُمَّ أَنْتَ الْمَلِكُ لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ، أَنْتَ رَبِّي، وَأَنَا عَبْدُكَ، ظَلَمْتُ نَفْسِي، وَاعْتَرَفْتُ بِذَنْبِي، فَاغْفِرْ لِي ذُنُوبِي جَمِيعًا، إِنَّهُ لَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا أَنْتَ، وَاهْدِنِي لِأَحْسَنِ الْأَخْلَاقِ لَا يَهْدِي لِأَحْسَنِهَا إِلَّا أَنْتَ، وَاصْرِفْ عَنِّي سَيِّئَهَا لَا يَصْرِفُ عَنِّي سَيِّئَهَا إِلَّا أَنْتَ، لَبَّيْكَ وَسَعْدَيْكَ وَالْخَيْرُ كُلُّهُ فِي يَدَيْكَ، وَالشَّرُّ لَيْسَ إِلَيْكَ، أَنَا بِكَ وَإِلَيْكَ، تَبَارَكْتَ وَتَعَالَيْتَ، أَسْتَغْفِرُكَ وَأَتُوبُ إِلَيْكَ»
{وهو من أدعية استفتاح الصلاة، خاصة في صلاة قيام الليل}

«Уәжжахту уәжхийә лил-лазий фатарос самаауәати уәль-арда ханиифаа, уә маа анаа миналь мушрикиин, инна солаатий уә нусукий, уә махйаайә уә мамаатий лиллаахи роббил ааламиин, лаа шариика лаху уә би заалика умирту уә анаа минал Мұслимиин. Аллаһуммә әнтәл-малику лаа илааха илаа ант. Әнтә робии уә анаа абдук, золамту нафсий уә’тарофту би замбий фаг-фирлий зунуубий жамиий’ан иннаху лаа йәгфируз – зунууба илаа ант. Уәхдиний ли ахсанил ахлааки лаа йәхдий ли ахсанихаа иллаа ант, уәсриф анний саййи-а-ха лаа йәсрифу анний саййи-а-ха иллаа ант, лаббайка уә са’дайка уәл – хойру куллуху би йәдайка. Уәш-шарру лайса иләйка, анаа бика уә иләйка, табаарокта уә та’алайта, астагфирука уә атуубу иләйк».

Мен нағыз мұсылман ретінде аспан мен жерді жаратқан Аллаға бет бұрдым. Мен мүшріктерден емеспін. Менің намазым, құлшылығым, өмірім мен өлімім әлемдердің Раббысы Алла үшін. Оның серіктесі жоқ. Маған осылай жасауға бұйрық берілген. Мен мойынсұнушыларданмын. О, Құдай! Сен Патшасың. Сенен басқа құдай жоқ. Сен менің Раббымсың. Мен сенің қызметшіңмін. Мен өзіме қателік жасадым. Мен күнәларымды мойындадым. Менің барлық күнәларымды кешір (Алла!) Сенен басқа ешкім менің күнәларымды кешірмейді. Мені ең көркем әдептілікке бағытта! Көркемдік әдепке жетелейтін Сенден басқа ешкім жоқ. Менің жаман әдеттерімді кешір. Сенден басқа мені жаман әдеттерімнен тазартатын ешкім жоқ. Мен сенің бақылауыңдамын. Менің бақытым тек саған байланысты. Бар жақсылық Сенен, жамандық Сенен емес. Мен не істесем де Сенің көмегіңбен жасай аламын. Мен Саған (өкінумен) қайтамын. Сен ұлысың және Сенің ұлылығың жоғары! Мен Сенен кешірім сұраймын және Саған тәубе етемін!

Бұл намазды бастау үшін жасалған дұғалардың бірі. Әсіресе түнгі нәпіл намаздардың басында оқылады.

3/16