12

Рукияның шарттары және басқа ескертулер

1. Рукия дұрыс болуы керек, яғни ол тек Құран мен Сүннеттен алынған дұға болуы керек және оның сөздерінде тыйым салынған ширк пен бидғат сөздерін араластыруға болмайды.

2. Мұсылман Раббысына толықтай мойынсұнуы керек және рукианың тек Алланың қалауымен әсер ететін білуі керек.

3. Тәжірибе ретінде (пайдалы немесе пайдалы емес деп) рукия жасауға болмайды. Рукия жасаушы да, ауру адам да рукияның әсеріне берік сенуі керек.

4. Құранның барлық аяттары шипа. Себебі, Алла Тағала: «Мен Құранда мүміндерге мейірім мен шипа болатын аяттарды түсірдім» (Исра: 82) дейді. Бірақ, пайғамбарымыз рукияда оқыған аяттармен дем салған дұрыс.

5. Науқас адам өздіне дем салуы керек. Бұл тиімдірек. Себебі бұл жағдайда адалдық, Иемізге мұқтаждық, жүректің қырағылығы мен шынайы ниеттің пайдасы зор болады.

12/12