8
Дауысты емес, үнсіз дұға ету. Дәлел: Аллаһу та’ала: «Раббыңа жалбарынып және жасырын түрде дұға ет», - деді. (Ағраф: 55). Себебі, жасырын намазда шыншылдық көбірек болады. Сондықтан Алла Құранда Зәкәрия пайғамбардың құпия дұғасын мадақтап: «Ол Раббысына жасырын түрде жалбарынды», - дейді. (Мәриям: 3). Тәфсир имамдары: «Зәкәрия ықыласты табу үшін жасырын түрде дұға етті», - дейді.