6
Аллаһу та’алаға оның көркем есімдерімен және сипаттарымен дұға ету. Бұл жағдайда ол дұғасына сәйкес келетін аттар мен сипаттарды таңдайды. Мысалы, егер ол Алладан ризық сұраса, «Ей, Раззақ, маған ризық бер», егер мейірімділік сұраса: «Ей, Рахман, маған рақым ет», - дейді. Және ол күш сұрағанда: «Ей, Азиз, маған күш бер!» деп сұрайды. Сондай - ақ, егер ол кешірім сұраса: «Ей, Ғафур, мені кешір!» деп сұрайды. Осындай ақ шипа сұраса, ол: «Ей, Шафи (емші) маған шипа бер!» деп сұрайды. Аллаһ айтады: «Аллаһу та’аланың әдемі есімдері бар. Оған олармен ғана дұға ет!» (Араф: 180)