5
Аллаһу та’алаға жақсы күмән этіп және: «Әрине, Ол менің дұғамды қабыл етеді және дұғама жауап береді», - дейтін сенімге берік болыңыз және дуғаның нәтижесіне асықпаңыз. Дәлел: Әбу Хурайра (Алла оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Егер адам Алладан күнә және туыстық қатынастың үзілуін сұрамаса, және де нәтижеге асығыс болмаса, дұғасы қабыл болады». Содан кейін одан: «Уа, Алланың елшісі! «Нәтижелерді жеделдету» дегеніміз не?» деп сурағанда, ол келесідей жауап берді: «Мен қайта-қайта дұға еттім, бірақ Оның жауап бергенін көрмедім!» деп айту және дұға етуді тоқтату». (Мұслим: 2735)